Перизат Қайрат ісі: прокурорлар алаяқтық схемасын жария етті
Фото: Instagram/01pk
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қайырымдылық қорына жиналған қаражатты жымқыру ісі бойынша айыпталған Перизат Қайратқа қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Судья Сабыржан Кәрімовтің айтуынша, отырысқа 70-тен астам журналист қатысуға өтініш берген.
«Сотталушылардың өтінішімен жауап алу кезеңінде, оның ішінде айыпталушылар түсініктеме берген кезде және дәлелдемелерді зерттеу барысында сот отырысының ашықтығын шектеу туралы шешім қабылданды. Себебі бұл сәттерде құпия ақпарат жариялануы мүмкін. Сотталушылар тергеу барысында кез келген уақытта жауап бере алады. Осыған байланысты іске қатысы жоқ адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сот залынан шығып, кейін қайта кіруі қажет болады. Бұл процесс ұзаққа созылып, сотқа қатысушылардың назарын аударады», – деді Кәрімов.
Осыдан кейін судья журналистердің залдан шығуын талап етіп, тікелей эфир жүргізуге де тыйым салды.
Сотта прокурорлар Арман Кезекен мен Мадина Оразалина айыптау актісін оқып берді. Құжатқа сәйкес, Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева аса ірі көлемдегі алаяқтық және алдын ала сөз байласу арқылы топпен жасалған заңсыз табыс көзін заңдастыру әрекеттері үшін айыпталуда.
Айыптау актісіне сай, 2020 жылы Перизат Қайрат бүкілхалықтық «Biz Birgemiz» акциясының танымалдығын пайдаланып, жалған қайырымдылық ұйымын құру арқылы қаражат жымқыру жоспарын іске асырған.
Ол атауы ресми бастамаға ұқсас қор құрып, өз атына және анасының атына банк шоттарын ашқан.
«2021 жылғы 14 қыркүйекте ол 10 адамның атынан қол қойылған жалған құрылтай хаттамасын жасап, ұйымды Әділет департаментінде тіркетпек болды. Бірақ атауы өзге заңды тұлғанікімен сәйкес келетіндіктен, тіркеуден бас тартылды. Осыдан кейін Қайрат қордың атауын “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” деп өзгертіп, қайтадан сол жалған құжаттармен тіркеуге өтініш берді. Бір аптадан соң тіркеу жүзеге асқан», – деді прокурор Мадина Оразалина.
Қоғамдық бірлестік ресми түрде қайырымдылықпен және волонтерлікпен айналысуы керек болған. Алайда, айыптаушы тараптың мәліметінше, барлық қаржыны Перизат Қайрат өзі бақылап, жеке шешім қабылдаған.
2021 жылдың қазанынан 2024 жылдың сәуіріне дейін ол ForteBank, CenterCredit, және Kaspi Bank банктерінде жаңа есепшоттар ашқан. Қоғамдық жоба ретінде қорды насихаттау үшін Instagram және Facebook желілерінде жалпы саны 560 мыңнан астам жазылушысы бар парақшалар жүргізіп, bizbirgemiz.kz сайтын ашып, сол арқылы да қаражат жинаған.
Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайрат пен оның қорғаушысы істі жабық тәртіпте қарау туралы өтініш білдірген болатын. Айыпталушы сотта көптеген жеке ақпарат, соның ішінде банктік деректер жариялануы мүмкін екенін алға тартқан. Нәтижесінде судья істі ішінара жабық режимде өткізу туралы шешім шығарды.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты