Павлодардағы анасы терезеден лақтырған бір жарым жасар бала көз жұмды
Фото: freepik.com
Павлодар облыстық балалар ауруханасында терезеден лақтырылып, ауыр жарақат алған бір жарым жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz irbistv.kz сайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлер бірнеше күн бойы ауыр жарақат алған сәбидің өмірі үшін күресті. Бала ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген болатын. Бүгін, 1 тамызда, оның жағдайы күрт нашарлап, жүрек соғуы тоқтады.
«Сағат 20:10-да жүрек қызметі тоқтап қалды. Сағат 20:40-та баланың өлімі тіркелді. Өкінішке қарай, сәбидің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасы.
Айта кетейік, 30 шілде күні Павлодар қаласында бір әйел бесінші қабаттағы пәтерінің терезесінен екі баласын лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен. Олар дереу жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
2017 жылы туған баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Ал 2024 жылы дүниеге келген сәби кеше, 31 шілдеде ауыр жағдайда қалды. Дәрігерлер оған шұғыл түрде операция жасап, бүйрегін алып тастауға мәжбүр болған. Бұл шешім қан кетудің көптігі мен жалпы жағдайының күрт нашарлауына байланысты қабылданған.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?