Павлодарда мұғалім оқушының арқасына ине сұқты

cover Фото: envato

Павлодарда математика пәнінің мұғалімі тақта алдында есеп шығарып тұрған оқушының арқасына ине сұқты, деп хабарлайды Orda.kz.

Павлодардың №26 мектебінде тақта алдында есеп шығарып тұрған мектеп оқушысының арқасына математика пәнінің мұғалімі ине салды. Kerekpv  хабарлауынша, оқу орнына полиция шақырылды.

Мектеп директоры мұғалімнің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Мұғалімнің бұл  әрекетіне не себеп болғаны туралы айтылмады.

Еске салайық, Атырауда №37 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі педкеңесте әріптесі тарапынан қорланған соң суицид жасамақшы болып тамырын кескен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар