Павлодарда кішкентай бала аттан құлап, мерт болды

cover

Ақтоғай ауданының Балтасап ауылында кішкентай бала аттан құлап, көз жұмған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Павлодар облысының полиция департаментінің айтуынша, 16 маусымда түнгі 2:15-те ауруханада аттан құлаған бала мерт болған.

Анықталғандай, қайғылы оқиға 15 маусымда орын алған. Оқиға куәгерлері бар.

Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар