Павлодарда қауіпті медициналық қалдықтар тастаған компанияға айыппұл салынып, жұмысы тоқтатылды
Фото: DALL-E
Пайдаланылған инелер мен қолғаптар бос жатқан аумаққа рұқсатсыз тасталған, деп хабарлайды Orda.kz.
Тексеру нәтижесінде қалдықтардың шынымен де қаланың өнеркәсіптік аймақтарының біріндегі ашық алаңда орналастырылғаны анықталды. Кейін олар сол маңда тұрған контейнерге көшірілген.
«Аталған учаскені басқарған компания «BB-Group KZ» ЖШС-нің медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша жоба құжаттамасына экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаған», - деп мәлімдеді экологтар.
Тексеру қорытындысы бойынша компанияға 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, яғни 786 400 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, экология департаменті компанияның барлық қажетті рұқсаттарды алғанға дейін қызметін тоқтату туралы талап арыз берді.
Бұған дейін павлодарлықтар қауіпті медициналық қалдықтар тасталған орын тапқаны туралы хабарланған еді. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде резонанс тудырды. Кейін полиция мен СЭС бұл учаскенің биологиялық тұрғыдан қауіпті материалдарды заңсыз сақтауға пайдаланылғанын растады.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы медициналық қоғамдастықтың және белсенді азаматтардың медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны және қатыгездік көрсеткені үшін жауапкершілікті қатаңдату ұсынысын қолдаған еді.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды