Павлодар прокуратурасы мектептегі өрескел заң бұзушылықты анықтады

cover Фото: pixabay.com

Павлодардағы мектептердің бірінде директор қызметкерді жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 млн теңге иемденген.

Материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды, Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар тексеріс көрсеткендей, Павлодардың барлық мектебінде бейнебақылау камералары жазу функцияларынсыз жұмыс істейді, олардың бейне мұрағаттарына кіру мүмкіндігі жоқ және полицияның жедел басқару орталығына қосылмаған.

Бұл кемшілік 2023 жылы Smart City Pavodar жобасы аясында түзетілуге тиіс болатын, алайда жеткізушінің шарт міндеттемелерін орындамауына байланысты әлі іске асырылмаған.

Жергілікті атқарушы органдар оған қатысты наразылық-талап қою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барлық анықталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар