Павлодар облысында жылқылар жаппай қырылып жатыр

cover

Павлодар облысында 50-ден астам жылқы қырылды. Оның себебін мамандар атады.

Төтенше жағдай Максимовка мен Розовка ауылдарының арасында қараша айының басында болған. Бес мал «Кирова» ЖШС-не, қалғаны жеке қожалықтарға тиесілі болды.

Облыстық ветеринарлық зертхананың мамандары патологиялық материалды жалпы уыттылыққа тексерді. Ұлттық ветеринарлық референттік орталық жануарлардың аса қауіпті ауруларын жоққа шығарды.

«Барлық нәтижелер теріс. Сараптама кезінде жүректің ұлғаюы, аш және тоқ ішектен газдың жағымсыз иісі шыққаны, асқазанда қорытылмаған жасыл заттар бар екені анықталды» деп хабарлады облыстық ветеринарлық басқармасы.


Жануарларда лимфа түйіндері ұлғаймаған, паренхималық мүшелерде патологиялық өзгерістер жоқ.

Малдар «Кирова» ЖШС-нің арпа, сұлы, күздік қара бидай егілген егістік алқабында жайылған. Қалған малдарды көзбен тексергенде он жылқының тұрақсыз жүрісі, тыныс алуы қиындап, іші кеуіп, іші өтіп жатқаны анықталды.

«Болжамды диагноз - жайылымнан улану», - деп қорытындылады ветеринария басқармасы.


Елді мекендегі эпидемиологиялық жағдай мамандардың бақылауында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар