«Пара деп ойламадым»: Ақтөбеде екі бірдей мектеп директоры сотта жауап беріп жатыр
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде екі бірдей мектеп директоры сотта жауап беріп жатыр. «Пара алу», «пара беру», «парақорлыққа делдал болу» баптарымен төрт бірдей лауазымды педагог сотқа келді. Қылмыстық жауапқа тартылғандардың біреуі ғана сотта тағылған айыпты мойындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбеде білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін уақытша атқарған К мен қала және ауыл мектептерінің директорлары, аудандық білім бөлімінің қызметкері топ болып сотқа келді.

Прокурор айыптауды жарты сағат оқыды. Айыптың мәні — мектептерді аттестациядан өткізу үшін пара беру және пара алуға негізделген күмәнді әрекеттер.
Іс бойынша 3 куәгер, 4 айыпталушы бар.

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім
сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы 366-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен айыпталды. 46 жастағы айыпталушы сотта өзіне тағылған айыпты мойындады. Оның кәмелеттік жасқа толмаған 3 баласы бар. Тағылған айыпты мойындап, өкінетінін жеткізді.

Ақтөбе қаласы №74 орта мектебінің директоры — 367-бабының 1-бөлігімен «пара беру» бойынша айыпталады. Кәмелеттік жасқа толмаған 3 баласы бар. «Тағылған айыпты мойындамаймын» деп куәгерлерді тыңдап, іс материалдарын зерттегеннен кейін жауап беретінін айтты.
Ырғыз ауданы Нарқызыл негізгі орта мектебінің директоры — 367-бабының 1-бөлігімен «пара беру» бойынша айыпталды. 40 жаста, бес баласы бар. «Ақша бергенімді мойындаймын. Бірақ оны пара деп ойлаған жоқпын» деп айыпты ішінара мойындайтынын айтты.
Ырғыз аудандық бөлімінің сектор меңгерушісі — 368-бабының 1-бөлігімен «парақорлыққа делдал болу» бойынша айыпталды. «Сөйлестіргенім рас» деп айыпты ішінара мойындады.
Сотталушылардың ұстанымдары әртүрлі. Бірінші куәларды тыңдап, іс материалдарын зерттегеннен кейін ғана олардан жауап алынатыны айтылды.
Ұстаздарға тағылған айып 2024 жылғы мемлекеттік аттестаттау кезіндегі күмәнді әрекеттерден басталады. Аттестаттау комиссиясының құрамында Ақтөбедегі білім беру ұйымдарының өкілдері болған. Ал төрағасы болып, бұл департаменттің сол кезде басшысы міндетін атқарған сотталушы тағайындалған.
Бірінші №74 орта мектебі білім беру стандарт талабына сәйкес келмегені үшін аттестат алмаған.
«К. департаменттің басшысы міндетін уақытша атқарушы лауазымында бола тұра, комиссия төрағасы ретінде өзінің құзіреті шегінде №74 орта мектебін қайталау мемлекеттік аттестациялаудан кедергісі өткізуге ықпал жасай алатынын нақты ұғынып, аталған мектеп директорынан пара алуға бағытталған қылмыстық ниеті пайда болған. Өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында К. 2025 жылдың 2 ақпанында түнгі сағат 00:20 шамасында пара берушіге қоңырау шалған. Бұл мектепті атестаттау туралы оң шешім қабылданатынын айтқан және ол үшін 70 мың теңге қаражатты пара ретінде беруді талап еткен», — деді прокурор.
Сотта мектеп директорының департамент басшысына тәуелді болғаны айтылды. Ақша көршісі және жұбайының Kaspi нөмірлері арқылы жіберілген. Кейін бұл мектеп аттестатталды деген қорытынды алды.
Бұдан басқа 2024 жылы 23 тамыз аралығында Ырғыз ауданы Нарқызыл негізгі орта мектебінің қызметі өте төмен деп бағаланып, аттестат алмаған.
Ырғыз ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісіне Нарқызыл мектебін қайталама аттестаттаудан кедергісіз өткізгені үшін парақорлыққа делдал болуын сұраған.
Осылайша делдал арқылы 50 мың теңгені пара ретінде қабылдағаны айтылды.
Осылайша К. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 4-тармағында көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған. Яғни, лауазымды адам бола тұра жеке өзі делдал арқылы бірнеше рет пара алған.
Сот отырысы 9 қыркүйекте жалғасады. Куәгерлер тыңдалады.
Жаңалықтар
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды