Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты

cover Фото: Depositphotos

Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу пунктін уақытша жапты, деп хабарлайды Orda.kz Росгранстрой-ға сілтеме жасап.

Берсуат өзенінің тасуына байланысты шекара жабылды. 27 наурыздан бастап Қазақстан аумағындағы Қостанай облысында орналасқан «Желқуар» автомобиль өткізу бекеті арқылы адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. 

Сол себепті Ресей жағындағы Челябинск облысы аумағында орналасқан «Мариинский» өткізу пункті арқылы қозғалыс та уақытша тоқтатылады. 

Ведомство азаматтар мен жүргізушілерге Қазақстан–Ресей мемлекеттік шекарасынан өту кезінде осы ақпаратты ескеруді ұсынды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар