Өзбекстандық әншіні күйеуі тұншықтырып өлтірді

cover Фото: Instagram/ nemolchi.uz

26 шілде күні Самарқанд облысының Тайлақ ауданында Zeboyi Jahon есімімен танымал өнер иесі күйеуінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz

Тергеу мәліметі бойынша, 33 жастағы әншінің күйеуі балаларын көру үшін үйіне келеді. Әңгіме барысында екеуінің арасында жанжал туындаған. 1992 жылы туған ер адам ашуға булығып, әйелін тұншықтырып өлтірген. Өзбекстандық әншінің артында 3 баласы қалды. 

Марқұмның жедел жәрдем қызметінде істейтін бауыры әпкесінің өлімі жазасыз қалмауын талап етті. 

«Менің әпкем мұндай өлімге лайық емес еді. Бұл оқиға болған күні мен жұмыста болдым. Шамамен сағат 16:00 шамасында әйелім маған қоңырау шалып, әпкемнің қаза тапқанын айтты. Анама қоңырау шалғанда оны күйеуі өлтіргенін білдім», — деді ол. 

Ер адамға қатысты қылмыстық кодекстің 97-бабының 1-бөлігі «қасақана кісі өлтіру» бойынша іс қозғалды. 

Айта кетейік, кеше, 29 шілде күні Алматы тауында жоғалған 20 жастағы жігіттің денесі табылды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар