Өзбекстанда жасөспірімді жезөкшелікке мәжбүрлеген 21 жастағы қыз ұсталды
Фото: Pexels
Өзбекстан астанасында 21 жастағы қыз 17 жастағы танысын ұстап, оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Uznews мәліметінше, бұрын сотталған 21 жастағы Ш.Т. Ташкенттің Мирзо-Улугбек ауданындағы бір үйде 17 жастағы танысы М.М.-ны ұстаған. Жәбірленушінің телефонын тартып алып, оны сатуға әрекет жасаған. Сонымен қатар, М.М.-ның қорғансыз жағдайын пайдаланып, Ш.Т. оған жүйелі түрде психологиялық қысым көрсетіп келген.
Қазіргі таңда Ш.Т.-ға 18 жасқа толмаған адамды ұрлау, адам саудасы, күш көрсету арқылы заңсыз бостандығынан айыру және зорлықпен тонау баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, оған қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұған дейін де Ш.Т.-ға қатысты істің болғаны белгілі.
Бастапқыда әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу мақсатында психологиялық қысым көрсетіп, зорлық әрекеттерін бейнелейтін видеожазбалар тараған. Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп, видеодағы қыздардың кім екенін анықтаған.
Қазіргі таңда жыныстық құлдықтың құрбаны М.М.-ға Андижан облысының ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіп жатыр.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?