Өзбекстан «Росатоммен» бірлесіп ірі АЭС салуды жоспарлап отыр
Фото: Elements.envato.com
Өзбекстан Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясымен бірге жоғары қуатты атом электр станциясын салатынын елдің Атом энергетикасы агенттігінің директоры Азим Ахмедходжаев Uzbekiston 24 телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бұл – қуатты станцияны еліміздің энергетикалық жүйесіне қосудың барлық мүмкіндіктерін зерттеу қажет. Біз жақын арада ірі станция салып, үлкен энергетикалық жүйені енгізуге тырысамыз», – деді Ахмедходжаев.
Оның айтуынша, ресейлік тараппен жоба бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуге негіз болатын құжатқа қол қойылған.
2024 жылдың маусым айында Өзбекстан мен Ресей ірі АЭС салу жобасының шарттары бойынша келісімге қол қойды. Жобаға ВВЭР-1000 типіндегі екі энергоблок (әрқайсысы 1 гигаватт) кірмек, кейін бұл сан төртке дейін ұлғаюы мүмкін.
Ортақ жұмыс тобы құрылып, жоба аспектілерін зерттеумен, құрылыстың құнын бағалаумен және соңғы шешім қабылдаумен айналыспақ.
2024 жылдың мамыр айында Ташкентте атом энергетикасы тарихындағы алғашқы шағын қуатты атом электр станциясын (ШҚАЭС) салу бойынша экспорттық келісімшартқа қол қойылды.
Бұл жоба аясында Джизак облысында қуаттылығы 330 мегаватт болатын станция салу жоспарланған. Оның құрамына әрқайсысы 55 МВт болатын алты РИТМ-200Н реакторы кіреді.
«Росатом» бас мердігер ретінде қатысады, ал құрылыс жұмыстарына жергілікті компаниялар да тартылмақ. Станция салынатын жер алдын ала зерттеліп, оның қауіпсіздігі расталған.
2024 жылдың қыркүйегінде «Узатом» және «Атомстройэкспорт» (Росатомның инжинерлік бөлімі) жұмыс бастау туралы хаттамаға қол қойды.
2026 жылдың басында Өзбекстан үкіметі станция құрылысын бастауға рұқсат алуды көздеп отыр. Алғашқы бетон 2026 жылдың наурызында құйылады деп жоспарланған.
Биылғы маусым айының басында мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов өзінің Energy Monitor телеграм-арнасында көптеген БАҚ қазақстандық АЭС-ті «қытайлық жоба» ретінде нақты шешілген іс сияқты көрсетіп жатқаны туралы пікір білдірді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды