Өз пікірін айтуға құқығы бар: Игорь Лепеха «әйелдердің тілі ұзын» деген депутат жайлы
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстан ІІМ-нің орынбасары Игорь Лепеха мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың «тілі ұзын» әйелдері отбасылық жанжалдарға кінәлі деген мәлімдемесі жайлы өз пікірін айтты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Сенат дәлізінде Игорь Лепехадан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейту туралы заң қабылдауға тырысып жатқан депутаттардың осындай мәлімдемелері жайлы сұралған болатын.
Мен депутаттың ұстанымына ештеңе дей алмаймын, себебі әр азамат, әсіресе депутаттар өз ұстанымына құқылы. Алайда жалпы депутаттық ортада бұл мәселені қарау керек деген пікір бар, – деді министрдің орынбасары.
Сондай-ақ ол Баққожаевтың мәлімдемесін ІІМ тыңдап, ескергенін атап өтті.
Шамасы ол өмірдегі жағдайға мысалы келтіргені болу керек. Әлде нақты айтты ма, білмеймін, – деді Лепеха.
Қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсылық болып жатқанда депутаттардың мұндай пікірі қаншалықты дұрыс деген сұраққа Лепеха «ІІМ мәжілісмендердің сөзіне баға беруге еш құзыры жоқ» екенін айтты.
Меніңше әр азамат қолданыстағы заңнаманы бұзбаса, өз пікірін айта алады. Өйткені ол тұлғаның жеке ұстанымы. Егер бұл ұстанымда қолданыстағы заңнаманы бұзатын еш белгі болмаса, онда мен ұят дейтіндей ештеңе көріп тұрғаным жоқ, - деп қосты Игор Лепеха.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Анас Баққожаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі туралы жаңа заң жобасының тұсаукесері барысында отбасындағы қақтығыстардың көбі «әйелдердің ұзын тілінен» туындайтынын айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды