Отбасы банк Дариға Назарбаеваға қатысы бар «Думан» қонақ үйін сатып алды
Фото: Ашық дереккөздерден
Отбасы банк Дариға Назарбаеваға қатысы бар «Думан» қонақ үйін сатып алды. Астанадағы «Думан» қонақ үйі енді Отбасы банктың басты кеңсесі болмақ, деп хабарлайды Orda.kz.
2025 жылы 24 мамырдан бастап банк Ұлттық даму институты мәртебесін алды. Сол мәртебені ала салысымен қонақ үйді сатып алу туралы шешім қабылданды.
Банк ғимаратты «Қайтарылған активтерді басқару компаниясынан» сатып алды. Келісім бойынша түскен қаражат арнайы активтерді қайтару қорының есебіне түсті.
Отбасы банктың мәліметіне қарасақ, сатып алу жалға алуға қарағанда тиімді болып шықты. Ғимарат тек орталық кеңсеге ғана емес, деректерді өңдеу орталығы ретіндe пайдалануға өте ыңғайлы. Енді кезең кезеңімен осы ғимаратқа көшкелі отыр.
Отбасы банктің бас кеңсесі Астанада орналасқан. Шымкент, Алматы, Қарағанды және т.б. қалаларда филиалдары бар.
Еске сала кетсек, Orda.kz активтер мен мүліктерді қайтару жайлы жазған болатын. Соңғы уақытта «заңсыз жиналған байлықты тартып алу» жайлы хабарлардың арнасы сарқыла бастады. Толығырақ материалымыздан оқыңыз.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді