Отандық биші Мадина Бейсекеева американдық әншінің клипіне түсті

cover

Қазақстандық биші Мадина Бейсекеева KEVVO, Arcangel, Becky G, Ft. Darell сынды төрт әртістің біріккен клипіне түсті, деп хабарлады Orda.kz.

Кастинг онлайн режимде өтті. Ол бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен параметрлерге сәйкес бишілер таңдалды. Содан кейін бишілер портфолиосы қаралып, Zoom кастингісі өтті.

Видео Лос-Анджелесте түсірілген. Бишілер хореографияны фильм түсіруге бір күн қалғанда үйренген.

Мадина «Танцы на ТНТ» шоуына қатысқаннан кейін танымал болды. Байқау аяқталғаннан кейін ол штаттарда бірнеше ай тұрып, кейін Нұр-Сұлтанға оралды. Ол өзінің жеке би мектебін ашты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар