Отан алдында борышын өтеймін деушілер әскери бөлімді өздері таңдай алады
Фото: Myarmy.kz
Елімізде енді Отан алдында борышын өтеймін деушілер әскери бөлімді өздері таңдай алады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қорғаныс министрлігі MyArmy.kz интернет-порталын іске қосты.
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің MyArmy.kz ресми порталы арқылы азаматтар әскери қызметке қатысты өтініш бере алады, ақпарат алып, сұрақ қояды. Бұл портал жастарға әскер туралы толық мәлімет алуға жағдай жасайды.
Соңғы жылдары әскердегі өзгерістердің бірі – қызмет орнын таңдауға қатысты жаңа өзгерістер. Мәселен, Ұлттық ұлан қатарына шақырылған сарбаздар енді үйіне жақын өңірде әскери борышын өтей алады. Бұл бастама әскерилердің әлеуметтік жағдайын ескеріп жасалған.
Сонымен қатар, батыс өңірде қызметін атқарып жүрген кейбір әскери қызметшілерге белгілі бір мерзімнен кейін бір реттік артықшылықпен келесі қызмет орнын таңдауға мүмкіндік беріледі. Дегенмен, бұл құқық тек бос лауазым бар болған жағдайда және әскери мамандығына сәйкес келген кезде ғана жүзеге асады.
Айта кетейік, 17 қыркүйек күні Алматы облысы Жамбыл ауданының Отар горнизонында 19 жастағы жас сарбаз өзіне-өзі қол салды. Мүрдесін көруге ата-анасы Алматы қаласына келді. Orda.kz тілшісі марқұмның ата-анасымен сөйлесіп, жағдайға қатысты пікірлерін білді.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысында 18 жастағы жас сарбаз жындыханаға түсті.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды