Өскемендегі қақ айырылған көпірді жөндеудің орнына жаңасын салатын болды
Фото: Orda.kz
Өскеменде 1 қыркүйекте Үлбі өзені арқылы өтетін Шнайдер көпірі қирап, қақ айырылып қалды. Құрылысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған еді. Алайда, облыстық мәслихат сессиясында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов көпірді қалпына келтірудің орнына сол жерде жаңа көпір салынатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін Orda.kz Шнайдер көпірін жөндеуге 1,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін жазған еді. Бұл ресми түрде айтылған 600 млн теңгеден екі есе көп.
Көпірдің опырылуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабының 2-бөлігі (сапасыз құрылыс) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Сараптамалар мен жиналған материалдарды талдау нәтижесі бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетіне және әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Шнайдер көпірі 1978 жылы салынған, соңғы екі жылда осымен екінші мәрте апат болып тұр. Қалада Үлбі арқылы өтетін бар болғаны үш көпір бар, сондықтан бұл жағдай көлік қозғалысына айтарлықтай әсер етті.
Айта кетейік, 14 қазан күні Семей қаласының жаңа әкімі болып Әділет Қожанбаев сайланды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты