Өскеменде жетім қызды күн көрсетпеген отбасына қайта қайтарып берді
Фото: Адам құқықтары жөніндегі өкілдік
Өскеменде кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты дау-дамай өршіп тұр. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, қыз бала асыраған отбасында физикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Бірақ ол қызды қазір дәл сол отбасына қайтарып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Абай облысы бойынша өкілдігінің мәліметіне қарасақ, биыл жазда жасөспірімнің денесінен соққы іздері мен тері аурулары анықталды. Жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияның асыраушыларды құқықтан айыру туралы ұсынысына қарамастан, қыз бала қауіпті отбасыға қайтарылған.
Кездесу барысында қыздың үйінен бірнеше рет қашып кеткені, оралғаннан кейін физикалық зорлық-зомбылық іздері, сондай-ақ тері аурулары табылғаны белгілі болды.
«Жасөспірімнің физикалық және психологиялық жағдайы нашар деп бағаланды. Өскемен қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясы қалалық қорғаншылық және қамқоршылық органдарына өз міндеттерін орындамағаны үшін қорғаншыны қорғаншылық құқығынан айыру мәселесін қарауды ұсынды. Сонымен қатар, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы басшылығына кәмелетке толмаған балаға шабуыл жасау фактісі бойынша арыз жазу ұсынылды. Алайда, бұл уәкілетті органдар баланы ұрып-соғудың мән-жайын анықтау шараларын қолданбай, зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін отбасына қайтарған», — деп мәлімдеді Адам құқықтары жөніндегі өкілдік.
Асыраушыларды жазалаудың орнына шенеуніктер қызды бірнеше рет сол отбасына қайтарып берген.
Бұл жағдай жарияланғаннан кейін ғана іс полицияға жетті. Қазіргі таңда «ұрып-соғу» бабы бойынша тергеу басталып, қамқоршылық органдарының әрекеттері тексеріліп жатыр.
«Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде Өскемен қаласы ІІБ Сол жағалаудағы полиция бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-1-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, кәмелетке толмаған баланың дене жарақатын алуының объективті фактілері анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді Адам құқықтары жөніндегі өкілдік.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды