Өскеменде полицейлер пара аламын деп жұмысынан қуылды

cover Фото: ІІМ

Алаяқтық жасады деп айыпталған екі полицейге айыппұл салынды, деп хабарлайды Orda.kz YK-News-ке сілтеме жасап. 

Абай облысының Бесқарағай аудандық соты қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алаяқтық жасаған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарады. 

Белгілі болғандай, полицейлер азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін ақша талап еткен. Ал ер адам антикорға жүгінді. 

Сот екі полицейдің әрқайсысына 10 млн теңге айыппұл салды. Сонымен қатар олар құқық қорғай саласына қайта орналаса алмайды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар