Орыс ұлтына тіл тигізіп 2 жылға сотталған жүкті келіншекке кесір тілігі жасалмақшы

cover Фото: freepik.com

Ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін 2 жылға сотталған 35 жастағы жүкті келіншекке кесір тілігі жасалмақшы, деп хабарлайды Orda.kz. 

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сот 35 жастағы Жансұлу Дархамбаеваны ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында өтейтін болған. Алайда бүгін келіншекке кесір тілігі жасалатыны жайында ақпарат тарады. Бұл туралы Солтүстікке қазақтарды қоныстандыру мәселесін көтеріп жүрген «Тәуекел» ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Ағайын, Солтүстікке, ұлтараздығы бойынша сотталған Жансұлу Дархамбаева дәл қазір Петропавл қаласындағы Перинаталды бөлімде жатыр екен. Түстен кейін кесір тілігін жасайтын көрінеді. Дәрігерлер баланың және ананың денсаулығы үшін осындай шешімге келіпті», - деп жазды ол. 

Бурахан Дақанов келіншектің жағдайын білуге ниеттенгенін, бірақ ішке кіргізбегенін айтты. 

Айта кетейік, Жансұлу Дархамбаеваның ісінің мән-жайын Orda.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар