Өртенген ҚБТУ: мәдени мұраны кім құтқарады және ғимарат кімге тиесілі?
Фото: Orda.kz
Қаңтар айының 11-нен 12-не қараған түні Қазақстан-Британ техникалық университетінің төбесінен өрт шыққаны туралы жазған болатынбыз. Оқиға өз алдына, ал мекеменің төбесінде ілініп тұрған туды құтқару жайында әлеуметтік желіде және БАҚ-та жарыса жазылды. Болған оқиғаға байланысты университет ғимаратына жауапты жеке инвесторлар ма, әлде мемлекет пе деген сұрақ туындайды. Сонымен қатар ғимаратты қалай дұрыс пайдалану керек? Толығырақ Orda.kz тілшісі талдап көрді.
Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) – 2019 жылы NNEF қайырымдылық қорының қолдауымен белсенді дамыған жоғарғы оқу орны. Қор мен кәсіптен бөлінген қаржының басым бөлігі ғимаратты қалпына келтіру мен жаңартуға жұмсалды. Өйткені сол кезде ғимараттың жағдайы ақсап тұрған болатын.
ҚБТУ ғимараты кезіндегі Қазақ үкіметінің үйі. Дәл осы ғимаратта 1991 жылы дөңгелек залда тәуелсіз Қазақстан декларациясына қол қойылды. Жоғары мәдени және тарихи құндылығы бар бұл ғимарат – Республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді.
Прокуратура сұрақтары және жаңа іс
Түнде болған өрт университеттің маңайындағы «онсыз да жетісіп тұрмаған» жағдайды одан әрі қиындатты. 2024-тің наурыз айында Алматы прокуратурасы акциялардың құны төмендетілгенін мәлімдей отырып, ҚБТУ-ды алу-сату шарттарының жарамсыз екені туралы талап арыз берген болатын. NNEF қорының өкілдері бұл айыпты жарамсыз деп танып, мәміленің ашық аукцион арқылы болғанын алға тартты. Ал мәміле 11 млрд теңге болды.
ҚБТУ ғимараты мемлекеттің меншігіне өткені туралы жиі сыбыстар естілді. Осы тұста бір ғана сұрақ: оның сақталуын кім қаржыландырады? Соңғы жылдары қор қаййта жөндеуге 11 миллиардтай қаржы бөлді. Инженерлік жүйелер мен коммуникацияларды жаңғыртып, сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтірді (сол себепті өртті тез сөндіруге мүмкіндік болды), ғимаратқа техникалық қызмет көрсетудің өзі жоғарыда айтылған шығындарға айтарлықтай қаражат қажет етеді.
Популизм бе, әлде шынайы шешім бе?
ҚБТУ-ды үкіметке өткізу – популистікке жақын. Үкімет мұндай нысанның барлық шығыны мен оның инфрақұрылымындағы модернизацияны сақтап қала ала ма? Салық төлеушілер инфрақұрылымды жөндеу, ғимаратты сейсмикалық тұрғыдан күшейту және әлеуметтік қолдауды дамыту сияқты күрделі мәселелерге тап болған жағдайда, көпшілік ғимаратты «халықтың пайдалануына» беру туралы дәлелдер нақты қажеттіліктер мен тәуекелдерді ескермейді деп санайды.
ҚБТУ болған жағдайларға қарамастан, болашақ Қазақстан үшін қызмет ететін мамандарды даярлайтын маңызды оқу орталығы болып қала береді. ҚБТУ – ешқандай да бизнес-жоба емес. Ғимарат елде қалады және оны шетелге көшіруге болмайды. Сонымен қатар ғимараттың тағдыры туралы дау қоғамдық пікірді сан-саққа жүгіртіп, әдейі қозғалып жатыр деген де пікірлер бар.
Жаңалықтар
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр