«Orda» жазған мақаладан кейін Нархоз қазақша MBA бағдарламасын әзірлеп жатыр

cover Фото: Orda.kz

Білім ошағының қазақ және орыс тілінде білім беруден бас тартып, толық ағылшын тіліне көшуі жайлы мақаламыз елдің назарын аударып, наразылығын тудырған болатын.

Артынша білім ордасы бұл туралы әлемдік деңгейде білім беруді мақсат ететінін айтып, мәлімдеме жасады. 

Білім ордасының сайтындағы «Narxoz News» бөліміндегі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, оқу орны қазақ тілінде жаңа МВА бағдарламасын дайындап жатыр.

«Қазіргі уақытта Narxoz университетінде қаржы-экономикалық салаларында мемлекеттік тілде МВА бағдарламасы әзірленуде. Бизнес қауымдастығы және университеттің жұмыс берушілер кеңесі тиісті келіссөздер мен консультациялар жүргізіп жатыр» деп хабарлады білім ордасы өз мәлімдемесінде.


Еске сала кетейік, университет оқытушылары қазақ тілін алып тастауға қарсы екенін айтып, министрлікке хат жолдады. Артынша тілшілеріміз ұстаздарға хабарласып, бар шағымын тыңдап, осы мәселені көтерген болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар