Оралда сот төрағасы сот залында қамауға алынды
Фото: Мой город
Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Мой город» басылымының мәліметінше, Тасқала аудандық сотында Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұловқа үкім оқылды. Өткен жылдың қараша айында жоғары лауазымды судья пара алып жатқан кезде қолға түскен болатын.
Іс материалдарына зер салсақ, Руслан Жұмағұлов қаржылай пайда табу үшін қасақана ауыр сыбайлас жемқорлыққа барып, қылмыс жасаған. Мәселен, 2024 жылғы 19 маусымда бұрын адам өлтіру және қарақшылық үшін 14 жылға сотталған ер адам шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш хат берді. Ол судья Орал қалалық сотындағы Хайрушеваның алдына келіп түсті. Хайрушева бұған дейін Жұмағұловтың хатшысы болып жұмыс істеген. Сондықтан Жұмағұлов оған сөзі өтетініне сенімді болса керек.
Сотталушы адвокат ретінде Нұржігіт Фазылғалиевті жалдады. Оған бұл істе танысы көмектесті. Адвокаттық қызметі үшін ол 200 мың теңге сұрады. Алайда ол материалдық пайда тауып, жауапты тұлғаға пара беруді ұйғарды. Фазылғалиев сотталушының танысына судьяға пара беру керектігін айтқан, ал ол бұған келіскен.
29 қазанда Нұржігіт Фазылғалиев Жұмағұловқа жеке өзі хабарласып, қорғауындағы адамға көмектесуін сұрады.
«Осыған байланысты Жұмағұлов қылмыстық ниетпен адвокат Фазылғалиевтің өтінішін орындағысы келмей, аталған мәселені шешу оның лауазымдық өкілеттіктеріне жатпайтынын түсінген. Алайда ақыры көмектесуді сылтауратып, көрсетілген соманы алдау жолымен иемденуге шешім қабылдап, оған көмектесуге уәде берген. Алайда іс жүзінде Жұмағұлов судья Хайрушеваның шешіміне ықпал ете алмады», – деп жазылған айыптау актісінде.
Одан әрі Фазылғалиев Жұмағұловтың сөзіне сеніп, қорғауындағы сотталушыға судьяға 1,5 миллион теңге пара беру керектігін айтқан. Бұл ретте адвокат параның бір бөлігін өзіне қалдыруға шешім қабылдады. Алайда ол сенген адам ҰҚК-ге хабарласып мән-жайды жайып салады. Сол күні кешке қызметкерлердің бақылауы бойынша Фазылғалиевке 800 мың теңге берген.
Фазылғалиев 1,1 миллион теңгені жымқырып, өз қажеттілігіне жұмсаған, 200 мың теңгені Жұмағұловқа берген. Ол Орал қалалық сотына келіп, ақшаны қызметтік кабинетінің сейфіне салған. ҰҚК қызметкерлері оның кабинетін тінтіп, сол ақшаны тапты. Сөйтіп, Жұмағұлов өзінің қылмыстық ойын соңына дейін жеткізе алмады.
Судья Әлия Теберікованың үкімімен Руслан Жұмағұлов «Алаяқтыққа оқталу» фактісі бойынша ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 2 жыл 15 ай 15 күнге бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін Руслан Жұмағұлов үйқамақта болған. Үкім шығарылғаннан кейін судьяны сот залында қамауға алды. Бұдан былай Жұмағұловқа мемлекеттік қызметте лауазым иеленуге тыйым салынған еді.
Нұржігіт Фазылғалиевті де сот қылмыстық кодекстің 2-бабы «алаяқтық және пара беруге оқталу» бойынша кінәлі деп таныды. Оның мүлкі тәркіленіп, 2 жыл 7 ай 15 күн бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ол да сот залында қамауға алынды. Фазылғалиевке үш жылға адвокаттық қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Сотталушылардың өздері кінәсін толық мойындап, процессуалдық келісімге қол қойды.
Жаңалықтар
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті ісі: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді
- ҚР СІМ: Қазақстан мобилизациядан қашып келген ресейліктерді жаппай қайтарып жатқан жоқ
- Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды: Оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды