Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен әскери келісімді тоқтату туралы шешім қабылдады

cover Фото: Zerkalo.az

Оңтүстік Корея Сеул мен Пхеньян арасындағы бітім қалпына келгенше әскери келісімді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Корея Республикасы енді әскери демакрация сызығы аймағында КХДР-ға қарсы барлау мен бақылау операцияларын қалпына келтірмек.

2018 жылдың қыркүйегінде Кореяның бұрынғы президенті Мун Чжэ Ин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын соғыс қимылдарын тоқтату және шекара бойына буферлік аймақтар құру туралы әскери келісімге қол қойды. 

Шешім қабылданбас бұрын АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея Freedom Edge деп аталатын алғашқы үшжақты әскери жаттығуларды өткізуге келісті. АҚШ қорғаныс министрлігі ұзақ мерзімді үшжақты оқу-жаттығулардың  жоспарына сәйкес жүйелі түрде өтетінін растады.

27 мамырда жапондық жағалау күзеті КХДР-дан белгісіз нысанның ұшырылғанын жазып алып, оның баллистикалық зымыран болуы мүмкін деген болжамын жасады.

Бұған дейін Пхеньян Токиоға 27 мамыр мен 4 маусым аралығында жер серігін ұшыру ниеті туралы хабарлаған. Қолда бар деректерге сәйкес, спутникпен зымыран тасығыштың ұшу жолы Шығыс Қытай теңізі мен Филиппиннің Лусон аралының үстінен өтеді.

Енді, ел астанасы Сеул мен Пхеньян арасында сенім қалпына келгенше әскери келісімді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар