Оңтүстік Корея президенті өлім жазасына кесілуі мүмкін
Фото: Оңтүстік Корея президентінің баспасөз қызметі
Оңтүстік Корея прокуратурасы қамауға алынған президент Юн Сок Ёлге «бүлікті басқарды» деген айып тақты, деп хабарлайды Orda.kz.
Yonhap басылымының жазуынша, Юн елдің бұрынғы қорғаныс министрі және басқа да лауазымды тұлғалармен бірігіп, 2024 жылдың 3 желтоқсанында құқыққа қайшы заңсыз әскери жағдай енгізуге тырысқаны үшін сотқа тартылды. Олар бұл ойын қандай да бір соғыс, қарулы қақтығыс немесе ұлттық дағдарыс белгілері болмағанына қарамастан іске асырғаны айтылған.
Бұдан басқа Юн Сок Ёль парламентте әскери жағдайды жоюға қарсы дауыс беру процесін бұзу үшін әскер жіберді, оппозиция жетекшілерін және сайлау комиссиясы өкілдерін тұтқындауға әрекеттенді деп айыпталып отыр.
Шеттетілген президенттің адвокаттары айыптауларды заңсыз деп отыр және оларға қарсы шағымданбақшы. Президент сотқа дейін қамауға алынды. Оңтүстік Кореяда бүлікке қатысқандар өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасына кесіледі, бірақ соңғы онжылдықтарда өлім жазасы орындалған жоқ.
Ол Оңтүстік Кореяның қамауға алынған алғашқы президенті. Желтоқсан айының басында Юн елде әскери жағдай енгізуге тырысты, содан кейін парламент оны бүлік шығарды деп айыптап, импичмент жариялады.
Жаңалықтар
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды