Оңтүстік Корея президенті екі мыңнан аса адамға рақымшылық жасайды
Фото: freepik.com
Оңтүстік Кореяда елдің жапон отаршылдығынан азат етілгеніне 80 жыл толуына орай түрмедегілерге рақымшылық жарияланады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әділет министрлігінің мәліметінше, 15 тамызда ел президенті Ли Чжэ Мён 2188 адамға кешірім жасау туралы жарлыққа қол қояды. Рақымшылыққа іліккендер арасында бұрынғы Әділет министрі Чо Гук пен бұрынғы депутат Юн Ми Хян бар.
Экс-министр балаларын беделді университеттерге түсіру кезінде жалған құжат жасағаны үшін сотталды. Юн Ми Хян қомақты қаражат иемденгені үшін бас бостандығынан айырылды. Рақымшылық оларға сайлауға қатысу құқығын қайтарады және саясатқа қайта кірісуге мүмкіндік береді. Алайда бұл жарлық қазірдің өзінде консерваторлардың сынына ұшырады.
Сондай-ақ, рақымшылыққа іліккендер қатарында бизнес өкілдері, балықшылар, жүк көлігін жүргізушілер, шағын дүкен иелері, 70 жастан асқан қарт адамдар, маңызды заттарды ұрлағаны үшін сотталған сәбилердің ата-аналары, сондай-ақ кәсіподақ наразылықтарының кейбір қатысушылары да бар.
Әділет министрлігі бұл қадам азаттық мерейтойына орайластырылған және «ұлттық бірлік пен экономиканы ынталандыруға» ықпал етуге арналған деп мәлімдеді.
Айта кетейік, маусымда Оңтүстік Кореяда бір азаматтың өз әйелінің денесін өртеп жібергені белгілі болды. Кейін бұл әйелдің Қазақстан азаматы екені анықталды.
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген