«Өлімші етіп сабаған»: Алматы колледжінде төбелескен қыз бен жігіт полицияға жеткізілді
Фото: Orda.kz
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Қазақстан — Ресей медициналық колледжінде бірінші курс студенттері арасында жанжал туып, жігіт студент қызды «өлімші етіп сабады», ал колледж әкімшілігі оқиғаны жасырып, бейнежазбаларды өшіріп тастады деген ақпарат тарады.
Orda.kz тілшілері колледжге барып, оқу орнының басшылығымен сөйлесті.
Ақпаратты threads-ке @555_0707 қолданушысы тарата бастады. Біздің білуімізше, ол колледж студенті де емес.

Алайда оқу мекемесінің меңгерушісі бұл ақпаратты жоққа шығарды:
«Жанжал болды. Алайда қызды колледждің дәрігері қарап шықты, кейін оны да, жігітті де кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полицияға жеткіздік. Кеше полиция бөлімшесінде екі тарап ата-аналарымен бірге түсініктеме берді. Қыздың әкесі арыз жазудан бас тартты. Себебі жанжалға екі жасөспірім де кінәлі екенін мойындады. Ақыры екі жақ татуласып шықты», — деді Айгүл Аманжолова.
Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, жанжалға қатысқан жас жігіт — топ старостасы. Мұғалімдердің айтуынша, «өте сабырлы бала».
Бұл оқиғаға байланысты жас жігіттің анасы да пікір білдірді:
«Бұл қарапайым жасөспірімдер арасындағы қақтығыс қана. Бәрі камераға түсіп қалған. Кейін бәріміз бірге полиция бөлімшесіне бардық. Қыздың әкесі арыздан бас тартты. Учаскелік полиция қызметкерлері мен инспектор түсіндірме әңгіме жүргізді. Біз түсініктеме жаздық. Қыздың «басы ісіп кеткен», «бетінде зақым бар» деген сөздердің бәрі өтірік. Ұлым өте момын, тіпті шыбынды да өлтірмейтін бала. Әлеуметтік желілерде жазылғанның бәрі жалған», — деді ол.
Бүгін, 3 қазан күні, соққы астында қалған қыз колледжге келіп, оқуын жалғастырды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысындағы 15 жастағы қыздың әкесі Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне жүгінді. Ер адам кәмелетке толмаған қызын «шариғат бойынша» 38 жастағы досына тұрмысқа берген анасы мен өгей әкесін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды