Олимпиада-2026: 7 ақпандағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

cover Фото: ҰОК

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, 7 ақпанда қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы мен конькимен жүгіру спортынан сынға түседі, деп хабарлайды Orda.kz.      

Бүгін Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарындағы жарыстарын бастайды. Ел спортшылары шаңғы жарысы мен конькимен жүгіру сайыстарында бақ сынайды.

Шаңғы жарысы. Әйелдер арасындағы скиатлон бәсекесі Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Бұл жарыста Қазақстан атынан Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина өнер көрсетеді.

Конькимен жүгіру. Әйелдер арасында 3000 метр қашықтыққа өтетін жарыс Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Медаль үшін Надежда Морозова мен Елизавета Голубева күреседі.

Айта кетейік, кеше түнде Италияда ХХV Қысқы Олимпиада ойындары – 2026-ның ашылу салтанаты өтті. Милан–Кортина Қысқы Олимпиадасы 6–22 ақпан аралығында ұйымдастырылады. Жарыстарға әлемнің 93 елінен шамамен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Сегіз спорт түрі бойынша 16 дисциплинада барлығы 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасы Олимпиадада 36 спортшымен (18 ер, 18 әйел) қатысып, 10 дисциплина бойынша өнер көрсетеді. Қазақстандықтар жарыс барысын Qazaqstan, Qazsport, Хабар және Jibek Joly республикалық телеарналары тікелей эфирінен бақылай алады.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар