«Өлді деп ойлап орманға тастап кеткен»: Оралда 15 жастағы қызды зорлаған ер адам іздестіріліп жатыр
Фото: freepik.com
Орал қаласында кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық жасаған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде Зачаганск шағын ауданында ер адамның 15 жастағы қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады. Ер адам қызды зорлап, кейін өлтіруге тырысқан. Оны тұншықтырып, өлді деп ойлап орманға тастап кеткен. Бірақ абырой болғанда, қыз есін жиып, ата-анасына қоңырау шалып, жағдайды баяндаған.
Полиция кәмелетке толмаған қызға қатысты заңсыз әрекет фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қылмысқа қатысы бар адамды ұстауға бағытталған жедел - іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде», — деді ПД бастығының орынбасары Ұланбек Әбілхайыр.
Зачаганск шағын ауданының тұрғындары қылмыскерлердің бірнешеу болғанын айтады. Алайда, полиция бір адамды ғана іздестіріп отыр.
Айта кетейік, Қостанайда өз әйелі мен ұлын өлтірген 51 жастағы ер адам тұтқындалды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды