«Оқушылар өлімі»: Алматының бүкіл мектептерінде ата-аналар жиналысы өтті
Коллаж Orda.kz
Алматыда бірнеше жасөспірім көпқабатты үйлерден құлаған қайғылы оқиғаларға байланысты қала мектептерінде оқушылардың ата-аналары шұғыл түрде жиналып, ата-аналар жиналысы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Жиналыстың мақсаты- ересектерге мектеп оқушыларына көшедегі, интернеттегі қауіп туралы ескерту және балаларын осындай қауіптерден тиімді қорғауға үйрету.
Мұғалімдер мен психологтар ата-аналарға балаларының өмірінде не болып жатқанын мұқият қадағалауды ұсынады. Оқушылар алаңдаушылық пен қауіп тудыратын контентке тап болуы мүмкін әлеуметтік желілерге ерекше назар аудару қажет. Сарапшылар бастауыш сынып оқушыларының ықтимал қауіпті онлайн-қосымшаларға қолжетімділігін шектеуге, сондай-ақ балалардың кіммен және қалай онлайн байланысатынын бақылауға шақырады.
Енгізілген жаңа қауіпсіздік шараларына қарасақ, енді балаларды мектептен кім алып кететіні қатаң бақылауда болады. Балаларды тек ата-аналар немесе нотариалды куәландырылған сенімхат көрсеткен заңды өкілдер ғана алып кете алады.
Сондай-ақ, ата-аналар баланың сабақта болмау себептерін түсіндіре отырып, мұғалімдерге сабақтан қалғаны туралы хабарлауы керек. Осы әрекеттер қауіп-қатерді азайтуға және балаларды күтпеген жағдайлардан қорғауға бағытталған.
Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін психолгиялық қолдау балалар үшін маңызды. Ашық әңгімелер мен баланың ішкі әлеміне назар аудару арқылы ғана қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады.
Енді мектептерде уайым деңгейін тексеру үшін тест енгізіледі.
Осы жағдай туралы ата-аналардың пікірі де назардан тыс қалған жоқ:
«Менің ойымша, біздің басты міндетіміз — баламен сенімді қарым-қатынас орнату. Біз интернетте не болып жатқаны туралы көп айтамыз және өмірдің жағымсыз жақтарын ғана емес, жағымды жақтарын да талқылауға тырысамыз. Балалардың ата-аналарына кез-келген қиыншылық туралы айта алуы ата-ана үшін өте маңызды», — деді жиналысқа қатысқан ата-ана.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды