Оқушылар көктемгі демалыста қанша күн демалады?

cover Фото: freepik.com

Қазақстандық мектеп оқушылары 2025 жылы көктемгі демалыста 11 күн демалады, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, көктемгі каникул 2025 жылдың 21 наурызынан 31 наурызына дейін жалғасады.

Министрлік оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын әзірледі. 1-4, 5-9 және 10-11 сыныптарға арнайы гайдбук дайындалған. Әр демалыс күні Наурызнаманың онкүндігімен байланысты болады.

Жоспарланған шаралар:

  • Театр фестивальдері мен қойылымдары
  • Шеберлік сабақтары
  • Қауіпсіздік сабақтары
  • Мұражай, ғылыми орталық және тарихи ескерткіштерге экскурсиялар
  • Спорттық ойындар
  • Қайырымдылық акциялары

Министрлік оқушылардың демалысты пайдалы өткізуіне назар аудару қажеттігін атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар