Оқу-ағарту министірлігі: Жітіқарадағы 5 баланың қазасы ата-ананың мойнында

cover Фото: Elements.envato.com

Балаларды қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова балалардың қазасымен аяқталатын қайғылы жағдайлар толығымен ата-аналардың жауапкершілігінде екендігін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Мәжіліс дәлізінде Оспанова ата-аналардың жауапкершілігін күшейту бағытында көптеген ұсыныстар жолдағанын мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, ата-аналар жауапкершілікті толық сезінбей балаларын үйде қараусыз қалдырып кетуі салдарынан осындай қайғылы оқиғалар болып жатыр. Комитет ата-аналардың жауапкершілігін күшейту жөнінде көптеген ұсыныстар жолдады. ҚК-нің 124 және 140-баптары бойынша балаларымыз үшін жауапкершілік көтеруіміз керек. Ал 5 бала қаза болған бұл отбасында жауапкершілік тек ата-аналардың ғана мойнында», — деді Оспанова.

Еске сала кетейік, 11 қазан күні Жітіқарада бақылаусыз қалған 5 бала өрттен қаза тапты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар