«Нүкте»: Мемлекет басшысының жазбасына пікір жазған адам 12 жылға сотталды

cover Фото: Pexels

Ирандық блогер Twitter-де ел басшысының постына нүкте жазып қалдырғаны үшін 12 жылға сотталды деп хабарлайды Orda.kz.

Iran international сайтының хабарлауынша, мемлекет басшысының постына бір нүктемен жауап берген жазбасы посттан көбірек «лайк» жинаған.

Иранда блогер Хоссейн Шанбехзаде темір торға қамалды. 

Айта кетейік, оппозиционерлер биліктің жүргізіп жатқан саясатымен үнсіз режимде келіспеушілігін білдіру үшін осылай нүктені немесе басқа жалғыз белгілерді жиі пайдаланады.

31 Тамызда Шанбехзаденің адвокаты оның қорғауындағы азаматтың ойдан шығарылған айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған болатын.

Адвокаттың сөзінше блогердің кінәсі дәлелденбеген. Өйткені дәлелдер оның «жеке әңгімелерінің» үзінділері және басқа саяси тұтқындарды қолдайтын сөздері ғана болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар