Үндістанда коронавируспен ауырғандар көзінен де айрылып жатыр

cover
Үндістан дәрігерлері «қара зең» деген атаумен танымал мукормикоз ауруына шалдыққан науқастардың көзін ойып алып тастауға мәжбүр.

Бұл дерт COVID-19-дан емделген науқастардың ағзасында екі-үш аптадан кейін анықталады екен. Коронавирус қоздырып жіберетін қауіпті дерт адамнан адамға жұқпайды. 

- Бұл инфекциялық ауру емес. Науқас жанындағы адамға оны жұқтыра алмайды. Мукормикоз көбіне қант диабетіне шалдыққан, иммунитеті әлсіз және көп уақыт бойы стероид қабылдағандардың бойында байқалады. Аурудың қоздырғышы - топырақта, өсімдіктерде, шіріген көкөністер мен жемістерде кездесетін саңырауқұлақтар, - дейді дәрігер Анил Гоял.

Мукормикоз - сирек кездесетін ауру. Ол мұрынға, миға және өкпеге кері әсер етеді. Қазір Үндістанда мыңдаған адамдар «қара зеңге» шалдыққан, дәрігерлер саңырауқұлақтың миға енуіне жол бермеу үшін бір немесе екі көзін алып тастауға мәжбүр. Вирус жұқтырғандардың шамамен 60 пайызы осындай процедурадан өткен.

Еске салсақ, бұған дейін Үндістанда COVID-19 пандемиясы аясында сирек кездесетін дерттің өршіп жатқаны айтылған еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар