Назарбаевқа қатысты қылмыстық топтың Байбектің әкесіне мүлік сатқаны белгілі болды
Фото: Pixabay.com
Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек пен оның әкесі Қыдырғали Байбектің есімдері Қоспаевтардың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты істерде аталды. Orda.kz мәліметіне сәйкес, сот материалдарында олардың «AV-Construction» құрылыс компаниясынан, яғни қылмыстық топ мүшелері басқарған ұйымнан жылжымайтын мүлікті өз құнынан төмен бағамен сатып алғаны көрсетілген.
Қоспаевтардың қылмыстық тобына қатысты негізгі сот процесі жабық өткендіктен, материалдар көпке жария етілмеді.
Тек ағайынды Қоспаевтардың үлкен ағасы Айбекке қатысты сот процесі ашық өтті. Сондықтан үкім «Сот кабинеті» жүйесінде жарияланды.
«Ұйымдасқан топтың жетекшісі Елдос Қоспаев және өзге тұлғалармен келісіп, оларға сеніп тапсырылған жылжымайтын мүлік нысандарын Алматы қаласының бұрынғы әкімі Байбек Бауыржанның әкесі Байбек Қыдырғалиға құрылыс шығындарынан төмен бағамен сату туралы шешім қабылданған. Бұл келісім кәсіпорын мен оның заңды иелеріне залал келтірген» деп жазылған сот құжатында.
Қыдырғали Байбек AV-Construction компаниясынан шаршы метрі 230 мыңнан 425 мың теңгеге дейін бағаланған пәтер мен екі коммерциялық нысанды сатып алған. Бұл бағалар сол кездегі құрылыс құнынан айтарлықтай төмен.
Қыдырғали Байбек қандай мүлік сатып алған?
Сот материалдарында мынадай келісімшарттар аталады:
- Сатып алу-сату шарты № 116/9-14 — Қаппаров көшесі, 116/9 мекенжайындағы №14 пәтер, жалпы ауданы 114,7 м². Бағасы — 43 586 000 теңге. Сатып алушы — Қыдырғали Байбек. Шарт 2019 жылдың 8 сәуірінде жасалған.
- Сатып алу-сату шарты № 116/24-32 — Қаппаров көшесі, 116/24 мекенжайындағы №32 коммерциялық нысан, ауданы — 121,6 м². Бағасы — 50 206 027 теңге. Сатып алушы өкілі — Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің зайыбы Жанар Байбек, Қыдырғали Байбектің мүддесін білдіріп отыр. Шарт 2020 жылдың 23 желтоқсанында жасалған.
- Сатып алу-сату шарты № 116/24-33 — Қаппаров көшесі, 116/24 мекенжайындағы №33 коммерциялық нысан, ауданы — 97,6 м². Бағасы — 40 464 621 теңге. Сатып алушы өкілі — Жанар Байбек, Қыдырғали Байбектің атынан. Шарт 2020 жылдың 23 желтоқсанында жасалған.
Қоспаевтардың ұйымдасқан тобына қатысты қылмыстық іс бойынша сот 2024 жылдың басында үкім шығарды. Ұйымның басшысы ретінде танылған «Адамжегіш» лақап атымен танылған Елдос Қоспаев — Болат Назарбаевтың «оң қолы» саналып келген.
Сот үкімімен 11 айыпталушыға рейдерлік (ҚР ҚК 249-бабы), жымқыру (189-бап), қылмыстық топ құру және оның құрамынба болу (262-бап) және өзге де қылмыстар бойынша жаза тағайындалды. Айыпталушылардың бірі зорлау (ҚР ҚК 120-бап) бабы бойынша да сотталған.
Елдос Қоспаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның інісі Айдос Қоспаев пен ағасы Айбек Қоспаев — әрқайсысы 12 жылға сотталды. Қалған сотталушылар 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр