Назарбаев мектебінің оқушысы мұғалімді балағаттағаны үшін оқудан шығарылды
Фото: Ануар Жанғозин
Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы оқу жылының аяқталуына екі күн қалғанда мұғалімді балағаттағаны үшін оқудан шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиғаның мән-жайын мектеп директоры Әнуар Жанғозин Facebook парақшасында жария етті.
Оның айтуынша, өткен аптада 11-сынып оқушысы тоқсандық қорытынды бағалау кезінде мобильді телефон пайдаланған. Бұл әрекет академиялық адалдық қағидаттарына қайшы және мектеп ережелерінде қатаң тыйым салынған.
Мұғалім белгіленген тәртіп бойынша телефонды алып қойғаннан кейін, оқушы дөрекілік танытып, көптің алдында мұғалімге балағат сөз айтқан. Бұл дерек расталып, тиісті айғақтар ұсынылған.
Мектеп әкімшілігі мұндай мінез-құлық тек ішкі тәртіпке ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерге деген құрмет пен жалпы адамгершілік қағидаттарға қарсы келетінін мәлімдеді.
Сонымен бірге, оқушының бұған дейін де бірнеше рет тәртіп бұзғаны белгілі болды. Осыны ескеріп, педагогикалық кеңес оны оқудан шығару туралы шешім қабылдаған. Қазір оқушыны басқа мектепке ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр.
Еске салсақ, Астанада жасөспірім 5 жасар баланың бетін бірнеше рет пышақпен тілгеннен кейін, баланың сол жақ беті сал болып қалғаны жайлы хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды