Назарбаевқа тағы бір ескерткіш орнату ұсынылды

cover

Түркістанда Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою туралы ұсыныспен халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (Түріксой) бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджи сөз сөйледі.

Ол бұл бастаманы «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы: әріптестік интеграциясы мен келешегі» атты халықаралық онлайн-конференцияда көтерді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанның орталығында қаланың қайта жандануына себеп болған, сонымен қатар түркі ықпалдастығы идеясын жүзеге асыруға баға жетпес үлес қосқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ескерткіш орнатуға шақырамын,- деді бас хатшының орынбасары.

Ұсыныс білдірушінің пікірінше, барлық саналы азаматтар бұл бастаманы қолдауы керек.

– Бұл ой Мемлекет басшысы бола отырып, түркі елдерінің бірігуіне ықпал еткен, қазақ халқының гүлденуі мен тыныштығына, оның тәуелсіздігіне ұмтылған Түркі әлемінің данышпан ақсақалына деген ерекше құрметтен туып отыр. Мен барлық саналы азаматтардың бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін, - деді Билал Чакыджи.

Конференция қатысушылары шетелдік ғалымның ұсынысын бірауыздан қолдады.

Онлайн-кездесуге Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) бас хатшысы Бағдат Әмреев, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының бас хатшысы (ТүркПА) Әли Йылдыз, Халықаралық түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі, Түріксойдың бас хатшысы Билал Чакыджи, Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы, доктор, профессор Мухитдин Шимшек, Татарстан Республикасының экс-президенті Минтимер Шаймиев, Башқұртстан Республикасының экс-президенті Мұртаза Рахимов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Назарбаев Университетінің профессоры Юлай Шамилоглы қатысты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар