Наурызнама: Елімізде Шаңырақ күні тойланып жатыр
Фото: Orda.kz
Наурыздың 16-сы – жалпыұлттық Наурызнама мейрамының үшінші күні. Ол ұлттық және отбасылық салт-дәстүрлерді сақтауға және насихаттауға арналған мереке, деп хабарлайды Opda.kz.
Шаңырақ – жайлы алтын ұяның, ұрпақтар сабақтастығы мен мызғымас отбасылық құндылықтардың символы. Қазақ үшін отбасы қашанда күш-қуат пен рухани мұра болған.
Бұл күн сонымен қатар мәдени дәстүрлерді сақтауға және насихаттауға арналған. Көптеген қалаларда халық шеберлерінің көрмелері, концерттер, шеберлік сабақтары өтеді.
Бүгінгі «Шаңырақ күні» деп атау алған мерекеде Астанада келесі іс-шаралар өтті:
• 11:00 - «Отбасы – бақыт мекені»» - ҰМП (Жас отбасылар арасындағы «Көңілді старт» отбасылық эстафетасы).
• «Бәйтерек» монументінде жас жұбайлардың ресми түрде некесін қию. Салтанатты шарада жас жұбайларға неке куәліктері табыс етілсе, алтын мерейтойын атап өтіп жатқан ерлі-зайыптылардың есімі Мерейтой кітабына мәңгілікке жазылады.
• 11:00 - «Неке ұию» ырымы - ҮМП, Есіл ауданы (Жас отбасылар арасындағы «Неке қию» ырымы. 25-50 жыл бірге тұрған ерлі-зайыптылар да қатыстырылып, жас жұбайларға қариялар бата берді).
Наурызнама – Ұлы дала дәстүрінің жаңғыруы, мереке кемінде сегіз күнге созылады. Наурыздың жаңа символы – Қазақстанның өткені, бүгіні және болашағын бейнелейтін үш қызғалдақтың суреті салынған логотип.

Астанада салтанатты шара өтіп, онда жас жұбайларға неке куәліктері табыс етіліп, алтын мерейтойын атап өткен ерлі-зайыптылардың есімдері Мерейтой кітабына жазылды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды