НАТО Ресейге жақын қалды – Тасмағамбетов

cover Фото: ҰҚШҰ

Иманғали Тасмағамбетов НАТО-ның Ресей мен Беларусь шекарасына жақындағандығын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.  

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Тасмағамбетов Солтүстік Атлантика альянсының әскери белсенділігі артқан тұста кез келген сценарийдің мүмкін екенін атап өтті.  

Сонымен қатар, бас хатшы Ресей мен Беларусьтің батыс шекараларына әскери блоктың шабуылдаушы инфрақұрылымының жақындауына жауап ретінде Ресейдің ядролық доктринасына өзгерістер енгізілгенін еске салды.  

«Әлемде теңдесі жоқ «Орешник» гипердыбыстық қаруының ұрыс жағдайында сыналуы мықты қарсыластардың назарынан тыс қалмайтыны — маңызды фактор», — деді  Тасмағамбетов.

Сондықтан Тасмағамбетов НАТО-ның Ресей мен Беларуське басып кіруін мүмкіндігін «абсолютті жауапсыздық» деп атады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар