Нартай Аралбайұлы бес минуттан артық көлік қыздыруға салынатын айыппұлды жоюды талап етті

cover Фото: envato

Мәжілісмендер бес минуттан артық көлік қыздыруға салынатын айыппұлды жоюды талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы депутаттық сауалында 5 минуттан артық көлік қыздыруға салынатын айыппұлды жоюды талап етті.

«Егер біреу жүргізілген көлік экологияға зиян келтіреді деп есептесе, онда алдымен ауаға тонна-тонна зиянды қалдықтар шығаратын зауыттар мен қара қар жаудыратын кәсіпорындарда тәртіп орнатсын. Бұл ақылға сыймайтын шешім, себебі сарышұнақ аязда көлікті қыздармасаң темір тозады, көлік бұзылады, оны жөндеп шығынға бататын баяғы бұқара халық»,  деді халық қалаулысы.

21 қаңтар күні Үкіметтегі брифинг кезінде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев  көлік қыздыруға тіпті солтүстік аймақтардың өзінде  бес минуттың жеткілікті екенін айтқан болатын.

22 қаңтар кешке Экология министрлігі өзінің әлеуметтік желілерінде Ерлан Нысанбаевтың көлігін қыздырғанын түсірген  видео жариялады.   

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар