Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапары қалай өтті?

cover Коллаж: Orda.kz

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше күннен бері Мәскеуде күтпеген сапармен жүріп, енді Алматыға келді. Orda.kz Путин мен Назарбаевтың кездесуінің астарында не жатқанын анықтауға тырысты.

13 маусымда Елбасы кеңсесінен оның Мәскеуде екендігі туралы алғашқы ресми хабарлама келді. Онда Назарбаевтың Путинді Ресей күнімен (12 маусымда атап өтілді) құттықтағаны және «екі ел арасындағы қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына байланысты құттықтаулар» алмасылғаны айтылған. Кездесудің «достық атмосферада» өткені және Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы диалог негізінде байланысып отырғаны баса айтылды. Жолдаудың соңғы жолдарында бұрынғы басшы мен қазіргі басшының жақсы қарым-қатынасы сөз етілді.

«Тараптар Қазақстан мен Ресей халықтарының өсіп-өркендеуі жолында қалыптасқан достық байланыстардың одан әрі жалғасатынына сенім білдіре отырып, бір-біріне зор денсаулық, амандық тіледі» делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл ретте Кремль сайтында бұрынғы және қазіргі басшылардың кездесуі туралы бірде-бір хабарлама жоқ. Ресейлік ақпарат агенттіктері Назарбаевтың Мәскеудегі мерекелерге қатысуы туралы мүлде сөз қозғамаған. Ол жұмадан бері сонда болса да, бұл жаңалық Қазақстанда ғана сенсация тудырды.

Оның Airbus A320 Neo ұшағын Flightradar бағдарламасы арқылы байқаған. Содан бері лайнер Ресей астанасынан кетіп үлгерді. Әуе трекерінің хабарлауынша, ол 12 маусымда Алматыға оралды, деп жазды ҚазТАГ.

Қазақстанның экс-президентімен Мәскеуден түскен алғашқы фотосуреттерді украиналық «XUA-photo of war» Telegram-арнасы жариялады. Нұрсұлтан Назарбаев жерлесі Болат Өтемұратовтың қонақ үйінде болды. Қазақстандық кәсіпкер Мәскеудегі Тверь көшесінде, Кремльден небәрі төрт жүз метр жерде орналасқан Ritz-Carlton үйінің иесі. Сол жерде ол папараццилердің назарына ілігеді.

Нұрсұлтан Назарбаев The Ritz-Carlton Мәскеуде

Внуково-3 әуежайынан Назарбаев кортежіне Федералдық қауіпсіздік қызметінің 10 көлігі ілесіп жүрді. Жалпы, оларды жоғары құрметпен қабылдады.

Назарбаев кепілдік алу үшін Мәскеуге баруды сұрады ма, әлде Путин экс-президентті Украинадағы соғысты қоса алғандағы мәселелерді талқылауға шақырды ма, әлі белгісіз. Көптеген қауесеттер бар, бірақ әзірге ешқандай факті жоқ.

Болжамдардың бірі – республикалық референдумнан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мәртебесі мен артықшылықтарының едәуірін жоғалтуы мүмкін. Ол Путиннен кепілдік алғысы келеді, бірақ не үшін? Тұңғыш президенттің Қазақстан туралы, оның ішінде мемлекеттік құпиялар туралы білетіні көп екені анық, онымен бөліспесе екен дейміз. Айтпақшы, Владимир Путин Ақорданы Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуімен ресми түрде құттықтаған жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаев та жақын арада Ресейге аттанады. Ол 17 маусымда өтетін 25-ші мерейтойлық Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысады. Ресейдің солтүстік астанасына «Талибан» радикалды қозғалысының делегациясы да келеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар