Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті

cover

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.

Кездесуде Қазақстанның бұрынғы президенті мен Ресей Федерациясының президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.

Айта кетейік, Назарбаевтың Мәскеуге сапары туралы ақпарат экс-президент Ресей Федерациясының астанасына келгенге дейін көп уақыт бұрын пайда болған. Дереккөздер Путиннің Назарбаевты өзі шақырғанын жазады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар