Нұр-Сұлтанда екі жас жігіт банк есігін сындырып кірді

cover

Нұр-Сұлтанда екі мас адам банктердің бірінің шыны есіктерін сындырып, ғимаратқа кірді, деп хабарлады қалалық полиция бөлімі.

- 02.30-да ішімдікке мас күйінде екі ер адам әйнек есікті сындырып, банк ғимаратына кірді. Бөтен адамдар қарақшылық шабуыл жасай алмады, өйткені күзет дабылы іске қосылды. Қауіпсіздік қызметі дереу қылмыс орнына келді, - дейді полиция.

Көп ұзамай қаскүнемдер ұсталды, олар 21 және 23 жастағы екі жігіт болып шықты.

- Белгілі болғандай, кафеде спирттік ішімдік ішкеннен кейін, олар оңай жолмен олжалы болуды көздеген. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп қосты Нұр-Сұлтан полиция департаменті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар