Нұр-Сұлтан қаласында жаңа мурал салынды

cover

Нұр-Сұлтанда Паралимпиада ойындары бойынша жүзуден әлем кубогының жеңімпазы, параолимпиададан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Сиязбек Дәлиевке арналған қабырға суреті салынды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Сиязбек Дәлиев – Азия және Еуропа чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы бар. Сондай-ақ дәл осы қашықтық бойынша әлемнің ең мықты бес жүзушісінің бірі саналады.

astana.gov.kz

Ол өзінің ерік күшімен, батылдығымен спортшыларға ғана емес, сонымен бірге жас ұрпаққа үлгі болып табылады. Мурал Сарыарқа ауданындағы 189 көшеде No 5 үйдің қабырғасына салынған. Тағдыр сынағын жеңген жігіт қазір мүгедек спортшылардан жасақталған еліміз құрамасының белді мүшесі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар