Мыңдаған тонна Қазақстан пиязы Ресейде ұшты-күйлі жоғалды
Фото: elements.envato.com
Қазақ елінің пиязы көрші елге жөнелтілген, бірақ көкөніс бақылаушы органдарға жетпей зым-зия болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресей ауылшаруашылық қадағалау басшысы Сергей Данкверт пен ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Ресейге бидай апаруға салынған тыйымды алып тастау туралы өткен кездесуде қазақстандық көкөністер туралы да талқыланды. Нақтырақ айтсақ, РФ-ға жеткізу кезінде көкеністердің ұшты-күйлі жоғалып жатқан қызық оқиғалары жетерлік.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін бақылауға жауапты ресейлік ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстаннан Ресейге 419,2 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері әкелінген. Бірақ баратын жерлердегі бақылау бекетіне оның тек 29% ғана «жеткен».
Ең «жым-жылас болатын» көкөніс пияз болып шықты. Оның шамамен 137 мың тоннасы жөнелтілген, бірақ бақылаушы органдарға тек 18% - 25 мың тоннаға жуығы жеткізілген. Ресей ауылшаруашылық қадағалау мамандары басқа да қазақстандық көкөністер мен жемістерді «таба алмай» дал болып отыр.
Ведомствоның мәліметінше, 14 қазанға ҚР-дан РФ-ға 72,3 мың тонна қарбыз, 57,2 мың тонна қауын, 24,9 мың тонна ақ қырыққабат әкелінді.
«Бұл көлемнің тек 30% қарбыз, 35% қауын және 42% ақ қырыққабат бақылауға ұсынылды», деп Ресей ауылшаруашылық қадағалауы хабарламасында айтылған.
Бұдан басқа, РФ-да санкция салынған ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қазақстаннан жеткізілуі де алаңдатады. Атап айтқанда, бір жыл бұрын әңгіме болған Еуроодақтың алмұрты туралы жұрт ұмыта қойған жоқ.
Былтыр Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау органы Қазақстаннан қызанақ, бұрыш, қауын, бидай, зығыр және жасымық сияқты өнімдерді уақытша импорттауға тыйым салған болатын.
Жаңалықтар
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды