Мұсақожаева ренжімесін, ғимаратының тоз-тозы шыққан — Аида Балаева өнер университеті туралы
Фото: primeminister.kz
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры болған Айман Мұсақожаеваға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы министр «Айқын» газетінде берген сұхбатында ашық айтты. Министрдің сөзінше, оқу орнының шатырынан су ағып, ғимаратының тоз-тозы шыққан. Университет жұмысы соңғы жылдары тұралап, құлдырай түскен. Ал университеттің қайта бой көтеруіне тікелей президенттің өзі де қолдау білдірген.
«Айман Қожабекқызы өкпелемесін, бірақ осы жылдар ішінде оқу орнының шатырынан су ағып, ғимаратының тоз-тозы шыққан. Университет жұмысы соңғы жылдары тұралап, құлдырай түскенін көрдік», – деді Аида Балаева.
Министр өнер университетінің жанындағы мамандандырылған мектеп-интернатқа жаңа ғимарат салу жобасы әзірленіп жатқанын, бұл бастама мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатынын және қазіргі уақытта жеке инвестор жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және оның шығындарын өзі қаржыландыруға дайын екенін айтты.
Айта кетейік, Думан Мұхаммедкәрімнің түрмедегі жағдайы белгілі болды.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады