Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі болды
Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды» делінген Тоқаевтың жарлығында.
Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматыда дүниеге келген.
1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР СІМ мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі болып бастаған.
1999-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінің атташесі, 2003-2004 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, 2004-2006 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, 2007 жылы ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы болды.
2007-2011 жылдары ҚР парламенті сенаты аппараты басшысының орынбасары, аппарат басшысы, 2011 жылы ҚР сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болды.
2011 жылы ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры, 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл, 2014-2016 жылдары президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі, 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі, 2021-2022 жылдары ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 2022-2023 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды.
2023 жылғы 3 сәуірде ҚР мемлекет басшысының жарлығымен ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалған еді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды