Мұғалімді балағаттап НЗМ-нен қуылған оқушы аттестат алды
Коллаж: Orda.kz
Назарбаев зияткерлік мектебінде оқуының бітуіне 2 күн қалғанда оқудан шығып кеткен Сұңқар емтиханын тапсырып, аттестатын алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы заңгер Жангелді Сүлейменов өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.
«НЗМ Сұңқарды 23 мамырда 11-сыныптан шығарды және ол 1 қыркүйектен бастап қарапайым мектепке барып, сонда тағы бір жыл оқуға тиіс болған еді. Бірақ Сұңқарға емтихан тапсыруға рұқсат беріліп, аттестатын алды», – деп жазды заңгер.
Сұңқарға 1 жыл қайта оқудың орнына бірден рұқсат берілгенінің себебін сұрау үшін Orda.kz редакциясы Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдады.
Еске сала кетейік, Сұңқардың оқудан шығуы туралы жанжал мамыр айында болды. 11-сынып оқушысы емтиханға телефон алып келді. Мұны байқаған мұғалім оның емтихан жауабын жойып, гаджетті тартып алған. Оған ыза болған жасөспірім мұғалімді балағаттады. Осы жағдайдан кейін мектеп әкімшілігі оқушыны НЗМ-нен шығарып жіберген болатын.
Бұл оқиға қоғамның назарын аударды. НЗМ-ді оқушының құқығын таптады деп топшылағандар да болды. Алайда көптеген қазақстандықтар педагогты қолдап, жоғары сынып оқушысы оқудан шығарылуға лайықты деген пікірді құптады.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды