«Мұғалімдер қысым көрді»: Шымкентте оқушылар тоқсан бойы оқымаған
Фото: freepik.com
Шымкенттегі мектептердің бірінде оқушылар бір тоқсан бойы оқымаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Мектеп әкімшілігінің бассыздығынан ұжым тарқап кетуге жақын. Бір тоқсан бойы сабақ болмағандықтан оқушылар басқа мектепке ауысып кетіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, мұғалімдер өзара тартысып, бір-біріне қысым көрсетуге дейін барған.
«Мектепте түсініксіз жағдай. Оның бәрі баламызға кері әсер етіп жатыр. Сабақ кестесі мүлдем жоқ. 10 мұғалім жұмыстан кеткен», - дейді ата-ана.
Мектеп директоры жаңа мұғалімдерді қабылдап жүріп уақыт өткізіп алғанын жасырмады.
«Он маман жұмыстан шығып, 10 маманды қабылдап алу үшін қыркүйек соңына дейін уақыт жоғалттық. Соған байланысты кейбір пәндерде олқылық болғаны рас. Сабақ кестесінде де өзгерістер болды», - дейді мектеп директоры.
Мектептегі бассыздықтан бір сабаққа 3 мұғалім кірген кездер болған. Мұғалімнің сабақ кестесінде басқа пән болса, оқушының сабақ кестесі мүлдем басқа болып шыққан. Сондай-ақ мектепте мұғалімдердің жалақасын ұстап қалу, ақша талап ету де қалыпты жағдайға айналған дейді ұстаздар.
Енді бұл мәселелерді білім басқармасы жанынан құрылған комиссия сарапқа салмақшы. Осы жиында мектеп директоры мен оның орынбасарларының және бірқатар ұстаздардың тәртіптік жауапкершілігі қаралып, қызметіне сәйкестігі туралы шешім шығарылады.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?