«Құмтөр» жобасы бойынша Қырғызстан-Канада келісімі бұзылады

cover

Қырғызстан канадалық «Cameco» және «Centerra Gold Inc»  компанияларымен «Құмтөр» алтын кен орнын игеру жобасын іске асыру туралы келісімді денонсациялау процесін бастады.

Тергеу  канадалық инвесторлармен ынтымақтастық ауқымды сыбайлас жемқорлықпен жүзеге асырылып отырған деген қорытындыға келген. Ынтымақтастықтың тоқтатылуына Қырғызстан мүддесіне сәйкес келмейтін түрлі толықтырулар мен келісімдер себеп болған.

Сонымен 1992 жылы жасалған бас келісім 1994 жылы түзетулер енгізу кезінде сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша: бұрынғы президент Асқар Ақаев, экс-премьер-министрлер Тұрсынбек Шыңғысев пен Апас Жұмағұлов және «Қырғызалтын» мемлекеттік концернінің бұрынғы басшысы Дастан Сарығұлов сырттай қылмыстық жазаға тартылды. Қайта құру және экономикалық даму комитетінің бұрынғы төрағасы Борис Бирштейнге іздеу жарияланды.

2003 жылы Cameco компаниясымен жасалған бас келісімді қайта құрылымдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық үшін Ақаевқа да қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті. Себебі, қайта құрылымдаудан кейін Centerra компаниясындағы Қырғызстанның үлесі айтарлықтай бағаланбаған және ол небәрі 33,33 пайызды құраған.

— Тергеу кезінде анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері мен халықтың мүдделеріне сәйкес келмейтін канадалық инвесторлармен жасалған келісімдердің шарттарын ескере отырып, тергеу Бас прокуратурамен бірлесіп, келісімдердің күшін жою процесін бастады , - деді мемлекеттік комитет. 

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев елге оралып, «Құмтөр» жобасы келісімдерінің тиімсіз болғанын мойындап,  құжаттарға не үшін қол қойылғанын түсіндіріп, халықтан кешірім сұрады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар